• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Әскерилер панфиловшы батырлардың ерлігінің символын қабылдады

424 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 ақпан. Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта «Нас миллионы панфиловцев» халықаралық еске алу вахтасының штандарты салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Штандарт батырлық символы ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қабылдағаннан кейін Ресейге жіберіліп, әрі қарай ТМД елдері мен қалаларына жіберіледі. Салтанатты рәсімге құрмет қарауыл ротасы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының оркестрі, Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің, сондай-ақ Ұлттық ұланның 150-ге жуық әскери қызметшісі, Иван Панфиловтың немересі, қалалық әскери-патриоттық клубтардың оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты. Бұдан бұрын 11 ақпанда штандартты Павлодарда қарсы алды. «Панфиловшылар мен өзге де даңқты қорғаушылардың ерліктері жайлы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылған. Бүгінде біздің миссиямыз Отанымызды қорғауға сарп еткен және қазақстандық патриотизм рухында жастарға тәрбие беру, Отанға деген адалдыққа, әскери міндетті орындауға әзірлікке жетелеген даңқты, панфиловшы батырларды құрмет тұтудан тұрады», деді Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Буксман «Нас миллионы панфиловцев» халықаралық еске алу вахтасы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өткен жылдың 16 қазанында басталған. Ол 1941 жылы Мәскеудегі панфиловшылардың ерлігінің 75 жылдығына арналған. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.