• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Қызылордада гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс аяқталды

602 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. 13-14 ақпан күндері Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол күресінен облыс біріншілігі аяқталды. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы, барлық аудандар және облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, «Болашақ», «Өркениет» медицина колледждері және жастар орталығынан 15 команда, 160-қа жуық спортшы бақ сынады. Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталса, жарыс демеушілері «Ата Заң» корпорациясы, «Тотем» дүкені мен «Заң Заңғары» компанияларының медальдары табысталды. Гір көтеру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 63 кило салмақта: I орын Ерсұлтан Жалғасбаев (ТЖД) II орын Марат Тлеужанов (Арал ауданы) III орын Бахтияр Баймахан (Жастар орталығы) 68 кило салмақта: I орын Бағдат Әлжанов (ТЖД) IIорын Қайрат Разақов (Арал ауданы) III орын Әділ Диханбаев (Жаңақорған ауданы) 73 кило салмақта: I орын Ғани Жолмырзаев (Қазалы ауданы) II орын Ерсұлтан Әнуарбек (Жаңақорған ауданы) III орын Бағдәулет Қожахметов (Шиелі ауданы) 78 кило салмақта: I орын Бағдат Еламанов (ТЖД) IIорын Азамат Ақылбеков  (Қызылорда қ.) III орын Мұрат Махамбетов  (Арал ауданы) 85 кило салмақта: I  орын Ермек Пазлиев (ТЖД) II орын Нұрлан Ахметов  (Жаңақорған ауданы) III  орын Бағдат Бекшеев  (Сырдария ауданы) 95 кило салмақта: I орын Руслан Рахметов (ТЖД) II орын Алмат Ергешбаев (Жаңақорған ауданы) III орын Әлихан Әміржанов (Қазалы ауданы) +95 кило салмақта: I орын Жандәулет Өндірей (ТЖД) IIорын Нұрлан Сенбеков (Жалағаш ауданы) III орын Расим Іскендіров (Жаңақорған ауданы)   Қол күресі сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 55 кило салмақта: I орын Берекет Сәрсенбаев (Қазалы ауданы) IIорын Бауыржан Сарманқұлов (Шиелі ауданы) III орын Қанжарбек Әбділдаев (Жаңақорған ауданы) 60 кило салмақта: I орын Михаил Лян (Қармақшы ауданы) II орын Меделхан Құламетов (Жаңақорған ауданы) III орын Бекзат Пахтаев (Қармақшы ауданы) 65 кило салмақта: I орын Бахтияр Ермек (Жаңақорған ауданы) IIорын Ғалымжан Сейілханов (Сырдария ауданы) III орын Асхат Аймахан  (Қазалы ауданы) 70 кило салмақта: I орын Арафат Бисенбайұлы (Жаңақорған ауданы) IIорын Мейіржан Балабеков (Шиелі ауданы) III  орын Наурызбай Жұмабай  (Қазалы ауданы) 75 кило салмақта: I  орын Роман Швец (ТЖД) II орын Ғалымжан Қабылбаев (ТЖД) III  орын Ержан Пірімжанов  (Жалағаш ауданы) 80 кило салмақта: I  орын Ғабит Оңғарбек (Жаңақорған ауданы) IIорын Ердаулет Берденов (Шиелі ауданы) III  орын Абай Жүнісов  (ТЖД) 85 кило салмақта: I  орын Ақсұңқар Бектасов (Қорқыт ата ҚМУ) II орын Алмат Демеуов (Қармақшы ауданы) III  орын Алмат Аралбаев  (Қазалы ауданы) +85  кило салмақта: I  орын Евгений Пя  (ТЖД) IIорын Айбек Майлыбаев (ТЖД) III  орын Марат Қуанышбаев  (Қызылорда қ.) Ержан Байтілес. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы.