• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Қызылордалық тоғызқұмалақшы жеңімпаз атанды

292 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. Көкшетау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық Қазақстан кубогы аяқталды. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталмыш сында  Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Ақерке Кенжебекова әйелдер арасында кубок жеңімпазы атанып, Қазақстанның ересектер құрама командасының сапына енді. Ол бұған дейін жастар құрамасында өнер көрсетіп келген болатын. Ақерке енді тамыз айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алу үшін іріктеу ойындарына қатысады. Бұл жарыстар сәуір айында Ақтөбеде болады. Ақерке Кенжебекованы жарысқа Хәкімжан Елеусінов дайындады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы.