• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Дулат Исабеков мектеп оқушыларымен кездесу өткізді (фото)

511 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 15 ақпан. Алматыдағы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жазушы, драматург Дулат Исабеков мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жазушы әңгімесін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезіне делегат болып қатысып қайтқанынан бастады. Съезде қаралған мәселелермен бөлісіп, балаларға қазіргі заманда тек білімді адамның ғана болашағы бар екенін баса айтып, кітапты көп оқуға шақырды. Сонымен бірге қазіргі драматургиядағы жаңалықтар, өзінің драматургияға келу жолдары, қазіргі актерлер туралы, «Өкпек жолаушы» шығармасының Лондонда сахналануы жайында әңгімелеп, соңында оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын арттырудың оңтайлы әдістері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өткізілді. Жаратылыстану математика пәндеріне мамандандырылған мектептегі онкүндік барысында көркемсөз оқу сайысы, ашық сабақтар, сахналық қойылым, сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Қазақ тілі мұғалімі Жанар Үмбетованың «Ғажайып сөздер әлемі» тақырыбында өткен сайыс сабағы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Бакенованың «ХІХ ғасырдағы әдебиетке шолу», «Есімше мен көсемшені қайталау» тақырыбында өткен критериалды бағалау сабақтары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алмагүл Тәкішеваның «Лексикадан өткенді қайталау» сабақтары жаңа және оңтайлы әдіс-тәсілдерге құрылған сабақтар болды. Онкүндік соңы Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» шығармасын сахналаумен қорытындыланды. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.