• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Анголада салмағы 404,2 карат болатын алмаз табылды

427 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 ақпан. Анголада австралиялық компания салмағы 404,2 карат болатын алмаз тас өндіріп шығарды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Lucapa Diamond Company бағалы тасты Солтүстік Лунда провинциясынан өндіріп шығарды. Бұл алмаз Анголада табылған асыл тастардың ішіндегі ең ауыры болып есептеледі. Осыған дейін аталған маңайдан салмағы 100 караттан асатын үш алмаз өндіріп алынған. Компания басшысы Майлз Кеннеди бұрын-соңды мұндай үлкен тасты сатып көрмегендіктен нақты құнын біле алмай отырғандығын мәлімдеді. Алайда, осыған дейін салмағы бұл тастан аздап жеңілдеу алмаздар 14 миллион АҚШ долларына сатылғандығын айтты. Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен алмаз тас 1905 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы Premier Mine кенішінде табылды. Салмағы 3 мың 106 каратты (621 грамм) құраса, көлемі 100х65х50 мм болады. Бұл кен орнының иесі Томас Куллинанның құрметіне әйгілі тасқа «Куллинан» деген атау берілді. Сондай-ақ, «Африка жұлдызы» деген есіммен де белгілі. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.