• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Жезқазғанда ақшалай сыйлық алған шенеунік қызметінен қуылды

359 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 16 ақпан. Жезқазған қалалық соты ақшалай сыйлық алған қалалық әділет басқармасының басшысына айыппұл салу жөнінде қатаң шешім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті кәсіпкердің бірі қалалық әділет басқармасының басшысына алдағы тойына арнап, 20 мың теңге көлемінде ақша берген. Конверттің ішіне салынған ақшаны алған шенеунік оны үстелдің суырмасына салып, кәсіпкердің шаруасын шешіп беруге уәде еткен. Қалалық сот экс-басшының іс-әрекетінен заңға қайшылық тауып, 1 миллион 387 мың теңге айыппұл салды және мүлкін тәркілеп, оны өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттету туралы үкім шығарды. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі. Сурет: diapazon.kz.