• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Ақтөбелік педагогтар біліктілікті жетілдіру курсынан өтті

352 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 16 ақпан. Ақтөбелік 29 педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ облыстық филиалының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Дінтану негіздері» курсын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері курсы бойынша дәріс алып, сертификаттарға ие болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы пәннен сабақ беретін ұстаздар алдында философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, педагогика ғылымдарының кандидаты, облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Абай Дүйсенбаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан және тағы басқа мамандар дәріс оқыды. Педагогика ғылымдарының кандидаты Абай Дүйсенбаевтың айтуынша, жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері» бүгінге дейін 9-сынып оқушыларына факультативтік сабақ ретінде жүргізіліп келсе, алдағы оқу жылынан бастап 8-9-сыныптар үшін міндетті пән ретінде бағдарламаға енгізіледі екен. Пән мұғалімдері оқушыларға әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы, бүгіні жайлы айтумен ғана шектелмей, оларды діни секталардың құрған торынан, жат ағымдардан қорғана білуге үйретулері керек. Ал бұл жастар тәрбиесі үшін өте маңызды қадам екенін анық. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: aktobegazeti.kz.