• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Неймар 50 млн. доллар айыппұл төлеуге тиіс

516 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең танымал фут­болшылардың бірі Ней­мардың басына қара бұлт үйірілді. Атап айтқанда, спортшы тап­қан табысының салығын уа­қытында төлемесе керек. Со­ған орай, Бразилияның Сан-Паулу федералды соты оның иелігіндегі активтердің айналымына тыйым салу туралы шешім шығарды. Қатарында ұшақ, яхта, жылжымайтын мүлік сынды құнды дүниелер бар бұл активтердің жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларына жетіп жығылады. Өткен жылы Бразилия со­ты футболшының өзін, отба­сын және оларға тиесілі ком­панияны салық төлеуден жал­тарғандары үшін айыптаған болатын. Тағылған айып бойынша, Неймар «Сантос» клубы сапында ойнаған 2011-2013 жылдар аралығында мемлекетке 16 млн. доллар салық төлемеген. Алайда, футболшының өзі бұл айыпты негізсіз деп санайды. Тіпті, ол айыптаушыларға қарсы шағымданып, федералды сотқа апелляция да берген. Дегенмен, сот оның шағымын қанағаттандырмады. Дәл осы шешім Неймардың активтеріне тыйым салуға негіз болып отыр. Бразилия ұлттық құрамасы мен Испанияның «Барселона» командасының ойыншысына қарсы қозғалған іс тек бұл емес. Бүгінде өзінің туған елінен бөлек, Испанияда да Неймарға қатысты іске тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нақты айтар бол­сақ, «Барселона» ойыншы үшін «Сан­тосқа» 57,1 млн. еуро төле­ген. Бұл қаражаттың басым бө­лігін футболшының әкесіне тиесілі Neymar Santos компания­сы алған. Ал тергеу барысында Испания клубының Неймардың трансфері үшін 83,3 млн. еуро жұмсағаны анықталып отыр. Ернар МҰХАМБЕТ.