Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Сара Пикерингпен кездесті.
Кездесуде тараптар ағымдағы сайлау науқанының кезеңдері мен ерекшеліктерін, дауыс беру қорытындылары бойынша дауыстарды санау рәсімін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды және мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу тәртібін талқылады. Сара Пикеринг Қазақстанның жағымды тәжірибесі ретінде әлемдегі қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында екі сайлауды қосып өткізу нәтижесінде мүмкін болған бюджет қаражатының үнемделетінін атап өтті.
Ал В. Фоос сайлау үдерісін ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу түрлі елдердің сайлау органдары арасындағы екіжақты қатынастардың дамуының тиімді әдістерінің бірі екенін, сондай-ақ, ұлттық сайлау жүйелерін одан әрі дамытудың және жетілдірудің жаңа жолдары мен әдістерін айқындау болып табылатыны жөнінде пікір білдірді.
Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері М. Сәрсембаев пен Т. Охлопкова қатысты.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».