• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Жамбыл облысында спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде

333 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 17 ақпан. Жамбыл облысында жыл сайын жаңадан салынған спорт нысандарының саны көбейіп, стадиондар мен ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәселен, 2015 жылы Жуалы, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Шу қаласында заманауи үлгідегі спорт кешенін салу жұмыстары басталды. Ол жерде  жасөспірімдер күрес, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, таэквондо бойынша жаттығады, сонымен қатар  түрлі жарыстар өткізілетін болады. Бүгінгі күнге облыста 2 013 спорттық нысандар бар. Атап айтар болсақ 1 спорт сарайы, 19 стадион, 665 футбол алаңдары, 548 спорт залдары, 662 спорт алаңшалары және 118 өзге де спорт нысандары жұмыс істейді. Осының арқасында жамбылдық тәрбиеленушілер әр түрлі спорттық жарыстарынан жоғары нәтиже көрсетуде. Өткен жылы 1 156 спортшы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып 1 128 медальға ие болды. Атап өту керек, еліміздің  ұлттық құрама командаларына спорттың әр түрі бойынша 470 спортшы енді. Оның ішінде, ұлттық құрамасына - 206, жастар құрамасына – 199, жасөспірімдер құрамасына – 65 бала кіреді. «Тараз-Арена» спорт сарайында волейболдан Венесуэла, Египет, Испания және Қазақстан командаларының  қатысуымен әлемдік лиганың бірінші кезеңі өткізілді. «Тараз» волейбол командасы Ұлттық лига командалары арасында Қазақстанның XXIII - чемпионатының чемпионы және 2015 жылдың  Суперкубогының иегері атанды. Сонымен қатар, қазақ күресінен үшінші рет «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өткізілді. Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен республикалық турнирінде екінші рет «Қазақстан барысы»  титулын жеңіп алды. Елдос Сметов - дзюдодан әлем чемпионы, Олжас Сәттібаев - бокстан Азия чемпионы атанды. Шотландиядағы әлем чемпионатында З.Габидуллина, биылғы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін, Паралимпиялық ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды. Ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында О.Нышан пара-таэквондо бойынша алтын медаль иегері атанды. Жалпы, облыс бойынша өткен жылы 2 614 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 540 мыңнан астам адам атсалысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2 700-ден астам бұқаралық - спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 26 пайызын қамту жоспарланып отыр. Жас өспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерді қамту үлесі 11 пайызды құрамақ. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz