2016 жылғы 4 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-қүжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2), 4) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
20-бөлім алып тасталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы №53 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 265-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №30, 322-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары, оқу орындары, емдеу мекемелері, қызметтік жануарлар азық-түлігінің, жабдықтарының және асханалық-ас үй ыдыс-аяғының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 677 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 236-құжат).
8. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 18-құжат).
9. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 11-құжат).
10. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 517-құжат).