• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №78

379 рет
көрсетілді

2016 жылғы 18 ақпан,   Астана, Үкімет Үйі Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Миннстрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы  18 ақпандағы №78 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге туратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Қағидалар құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларына (бұдан әрі – контингент) медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету тәртібін айқындайды. Қағидалардың медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және зейнеткерлеріне қолданылмайды. 2. Қағидаларда қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), екеуінің немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы); балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедек балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің балаларына, олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің медициналық ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады. 3. Контингентке медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің медициналық ұйымдарында (бұдан әрі – ведомстволық медициналық ұйымдар) жүзеге асырылады. 4. Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдар болмаған немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған жағдайда, медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді. 2. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру 5. Ведомстволық медициналық ұйымдар медициналық көмекті: 1) амбулаторлық-емханалық көмек: медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек; 2) стационарлық көмек; 3) стационарды алмастыратын көмек нысандарында көрсетеді. Пациентті контингент қатарынан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мамандандырылған стационарға, ғылыми-зерттеу ұйымдарына зерттеу және емдеу үшін ауыстыру қажеттігі туындаған кезде, мұндай ауыстыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Адамдарды шет елге емдеуге жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Ведомстволық медициналық ұйымдардың стационарларында дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес тегін көрсетіледі. 7. Ведомстволық медициналық ұйымдарда контингентке медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы стандартқа сәйкес көрсетіледі. 8. Астана және Алматы қалаларынан тыс жерлерде тұратын контингентке консультация беру және Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Медициналық басқармасының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға конитингентті жіберу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілейді. 9. Медициналық көмек алу үшін бекітілген контингентті ресімдеуді ведомстволық медициналық ұйымдар құқық қорғау органдарының кадр қызметтері ұсынған контингенттің тізімдері негізінде жүргізеді. Ведомстволық медициналық ұйымға бекіту жеке басты куәландыратын құжат (қызметкердің қызметтік куәлігі, қызметкердің, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің, отбасы мүшелері үшін туу туралы куәлік, жеке куәлік, зейнетақы куәлігі) негізінде медициналық ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады. Әрбір бекітілген адамға амбулаторлық пациент картасы ресімделеді, ол амбулаторлық-емханалық бөлімшенің тіркеу бөлімінде сақталады. 3. Санаторий-курорттық қызмет көрсету 10. Контингентке Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беріледі. 11. Санаторий-курорттық емделуге жіберу кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттама ресімделеді. 12. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) қызметкер емделгеннен кейін ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссияларының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі. 13. Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссиялары туралы ережені құқық қорғау органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18  ақпандағы №78 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 53 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 53 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі №724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 370-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы №53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы №85 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 32-құжат).