• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

АҚШ пен Ресей Сириядағы қақтығыстар жөнінде келісімге келді

444 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 ақпан. АҚШ пен Ресей Сирия жеріндегі қақтығысты 27 ақпаннан бастап тоқтату туралы өзара келісімге қол қойды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жабық есік жағдайында өткізілген келіссөздерден кейін екі ел өкілдерінің бірлесіп жасаған мәлімдемесінде 27 ақпаннан бастап Сирия жеріндегі барлық әскери қимылдар тоқтатылатыны белгілі болды. Ал экстремистік топтар 26 ақпан күні Дамаск уақыты бойынша, сағат 12:00-ге дейін лаңкестік әрекеттерін доғарып, бұл шартқа келісетіндерін Ресей немесе АҚШ әскерилеріне білдірулері қажет. «Біз бұл істі қуана-қуана құптаймыз. Сондай-ақ, алдағы жұма күні қақтығыстар тоқтайды деп үміттенемін. Ал бір аптадан кейін бұл іс жүзеге асқан соң, сирияаралық келіссөздер басталуы тиіс», – деді Ұлыбританяның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Мэттью Райкрофт. Аталған Ұйымның хабарлауынша, Сирия жерінде 2011 жылдың наурыз айында басталған қақтығыстан бүгінге дейін 220 мыңнан астам адам қаза тапқан. Аян Әбдуәли. Дерек: ria.ru. Сурет: mirprognozov.ru.