• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Уәкіл есебін жариялады

276 рет
көрсетілді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің 2015 жыл бойынша Мемлекет басшысына ұсынған құжатында елдегі адам құқығына қатысты ахуалға, соның ішінде азаматтардан түскен арыздардың, құқық қорғау жөніндегі жобалардың, өңірлердегі мониторингтің, сондай-ақ, мемлекеттік ор­ган­дардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың ақ­параттары негізінде сараптама жасалған. Есепте Қазақстандағы адам құқығы саласындағы өзекті проб­лемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Атап айтқанда, Омбудсменге есепті кезеңде адам құқығын қорғау мәселелері бойынша жазбаша және ауызша 1340 арыз түскен, олардың басым көпшілігі Астана және Алматы қалаларынан, Қара­ған­­ды, Алматы және Шығыс Қа­зақ­­стан облыстарынан жолдан­ған. Азаматтар өз құқықтары кө­біне құқық қорғау органдары тарапынан, соттардың әрекеті мен шешімдеріне, пенитенциарлық органдарға, сондай-ақ, мем­ле­кет­тік әкімшілендіру кезінде бұзыл­ғанына шағым жасаған. Бұл сандар «100 нақты қадам» Ұлт Жо­спары арқылы шешімін табу көзделген проблемалармен толық сәйкеседі. Іс жүргізуге алынған әрбір шағымға байланысты мәселе белгіленген тәртіппен қаралып, соның 18,9%-ы бойынша құқық бұзылу деректері расталды және іс құқықты қалпына келтіруге дейін жеткізілді. Сонымен қатар, Омбудсмен үйлестіретін, азаптау және өзге де қатыгездіктер мен жазалаудың алдын алу жөніндегі ұлттық тетіктер аясында бүкіл ел бойынша 528 мониторингтік мақсаттағы іс-шаралар жүзеге асырылып, соның ішінде түзеу мекемелері, мәжбүрлеп емдеу ұйымдары, уақытша оқшаулау орындары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, арнаулы білім беру ұйымдары қамтылды. Мекеме әкімшіліктеріне және мемлекеттік органдарға адамдарды күтімге алу ахуалын жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді. Құқық бұзу туралы шағымдарды (1544 сауал) билік органдарымен бірлесіп қарау өзара ықпалдастық және консультативтік-кеңесшілік органдардың жұмысына қатысу арқылы жүзеге асырылды. Омбудсмен мекемесі 212 ұлттық және 53 халықаралық іс-шараға қатысты. Мекеменің өзі республиканың барлық өкілдерін қамти отырып, елдің 7 өңірінде жабық мекемелердегі құқық қорғау, мониторинг, балалар құқығы және халықтың басқа да әлсіз топтары үшін 12 оқыту шарасын ұйымдастырды және өткізді. Халықаралық деңгейде адам құқықтары жөніндегі барлық жаһандық, өңірлік ұйымдармен, шетелдердегі әріптестермен, соның ішінде БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ, ЕО, Еуропа Кеңесі, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитеті және басқа да ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, БҰҰ Адам құқықтары комитетінің, БҰҰ-ның Адам құқықтары және босқын істері жөніндегі Жоғарғы комиссариатының, Ислам Ын­ты­мақ­тастығы Ұйымының, Нидер­ланд, Норвегия, БАӘ, Ұлыбри­тания, Ресей құқық қорғау мекеме­лері­нің басшыларымен, сондай-ақ, БҰҰ-ның Түрлі мәселелер жөнін­дегі арнаулы баяндамашыларымен кездесулер өткізілді. Жалпы, ұлттық құқық қор­ғау мекемесі алдағы уақытта адам құ­қық­тарын қорғауды қамтама­сыз ету және Қазақстан Республи­ка­сы­ның халықаралық құқықтық мін­дет­темелерін орындау жө­нін­дегі мем­лекеттік саясатқа атсалысу жұ­мыстарын жалғастыратын болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Есепті қарап шыққан соң тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.