• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

АҚШ-та тосын табиғат салдарынан 6 адам қаза тапты

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 ақпан. АҚШ-тың Алабама, Луизиана, Миссисипи және Флорида штаттарында жойқын дауылдың салдарынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы ntv.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, тосын табиғат сыйынан отыздан астам адам түрлі жарақат алды. Жүздеген үй қирап, ондаған мың баспана жарықсыз қалды. Ал әуежайдағы әуе рейстері кейінге шегерілді. Синоптиктердің айтуынша, жойқын дауыл мемлекет астанасы Вашингтон қаласына қарай жылжып барады. Метеорологтар желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін барғанын анықтады. Аян Әбдуәли. Дерек: ntv.kz. Сурет: 1tv.ru.