• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Оралда жедел құтқару жасағы елікті құтқарды

376 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 23 ақпан. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Орал қаласының маңындағы Зашаған ауылында елікке көмек көрсетті. Мұндай операция құтқарушылардың тәжірибесінде алғаш рет болғанын атап өткен жөн. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шақырту Чагано-Набережная көшесімен жол жүріп бара жатып, иттер үйірі шабуыл жасаған елікті тапқан қала тұрғынынан келіп түсті. Құтқарушылар жарақаттанған елікті жас табиғат зерттеушілері стансасына жеткізу туралы шешім қабылдайды. Орталықтың қызметкері елікті қарап, артқы тұяқтарының қозғалмайтындығын, мойнының шығып кеткенін анықтады. Жарақаттанған жануарды жабайы табиғатқа жіберуге болмайды, өйткені ол білікті мал дәрігерлік жедел жәрдемінсіз өліп қалуы мүмкін. Елік қазіргі таңда станса қызметкерлерінің қамқорлығында. Оған жеке торлы орын әзірленген. Темір Құсайын. Дерек, сурет: Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз қызметі.