• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Жаңа үлгідегі балабақша

574 рет
көрсетілді

Заман ағымына сай жаңаша әрекет етіп, жақсылыққа ұмтылу уақыт талабы. Бұл ретте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында сан саланы қамти атқарылып жатқан жұмысты үлгі тұтуға болады. Себебі, сол игіліктің пай­­дасын халық көріп отыр. Ай­талық, Есік қаласындағы «Аяла» санаториялық үлгідегі балабақшасы бүлдіршіндердің бір үйіне айнала білді. Мұндайда қазақ «Қуанса бала қуансын» деп бекер айтпаған. Негізі бұл балабақша орналасқан ғимарат 1964 жылы салынып «Балалар үйі» болып ашылған. 2015 жылдың 1 қаңтарында «Балалар үйі» жабылып, 13 сәуірден бастап жергілікті бюджеттен 146 000 000 теңге қаражат б­ө­лініп, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің №407 қаулысымен «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» «Есік қаласындағы «Аяла» санаториялық үлгідегі балабақшасы мемлекеттік ком­муналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Жалпы аумағы 210 шаршы метр. Был­тырғы жылы 13 000 000 теңге бөлінсе, ал 2016 жылы 62 148 000 теңге қаражат бөлінді. 75 балаға арналған балабақшада құрал-жабдықтармен жабдықталған 25 кабинет бар. Қазіргі таңда 2 топ жұмыс істеуде. Онда 18 тәрбиеші, 9 бала күтуші, 21 басқа қызметкер еңбек етеді. «Елбасы тапсырмасына сәй­кес, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігін дамытуда ауыз толтыра айтатын жетістікке жеттік. Бі­рінші кезекте ауданымыздағы балабақша проблемасымен облыс әкімін дер кезінде хабардар етумен шектелмей, оны шешу жолдарын да дұрыс жеткізе білдік. Бұл мәселеге өңір басшысы ерекше назар аударып, сөзбұйдаға салмай, түрлі кедергілерді дереу жою жөнінде тапсырма берді. Сол күннен заң шеңберінде әрекет етіп 11 жекеменшік ба­ла­бақша ашуға ықпал еттік. Яғни, балабақша салу үшін жер телімін бөлу, бұрын салынған үйдің мақсатын өзгертіп ба­лабақшаға ауыстыру секілді түрлі құжаттарын реттестіруде және тағы басқа қажеттіліктерін шешуге жол аштық. Ауылдық округтер әкімдері мен аудандық мекемелер басшыларының бар­лығына егер балабақша салу, ашу мәселесі бойынша кімде-кім алдарыңа келсе тікелей телефонымды беріп, байланыстырыңдар деп тапсырма беріп, сол жұмысты басынан аяғына дейін бақылап та отырдым. Нәтижесінде балабақ­шамен қамту 56 пайыздан 77,3 пайызға жетіп, 21 пайызға өстік. Біздің ауданда 3-6 жас ара­лы­ғында 14 мыңнан астам бала, 43 мың мектеп оқушысы бар. Бұл кі­шігірім бір ауданның халқымен тең ғой. Осы тұста айта кетер тағы бір мәлімет, соңғы төрт жыл­да жергілікті бюджетке тү­сетін салық мөлшері 2,3 млрд. тең­геден 3 млрд. 797 млн. теңгеге өсіп, ойға алған жұмысымызды еш тоқ­таусыз атқаруымызға қолд­ау болып отыр», деді Еңбек­шіқ­азақ ауданының әкімі Бинәлі Ыс­қақ. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.