Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Жандос Асановпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
А.Бейсенбаев парламентаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге ТүркПА-ның қызметі қомақты үлес қосатынына сенім білдірді. Төраға орынбасары ұйымға мүше елдер заң шығару органдарының өзара құқықтық аясын кеңейтуге қазақстандық тараптың ашықтығын атап өтті.
Ж. Асанов өз кезегінде Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының кезекті жалпы отырысына әзірлік жөніндегі Хатшылықтың қызметі туралы айтты.