• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Маңызды бағыттарға – басты назар

247 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Мамин Елбасына «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жыл­ғы қызметінің нәти­же­лері мен биылғы жоспарлары, сон­дай-ақ, ұлттық компания опера­тор­лық ететін «Нұр­лы Жол» бағдар­ламасының инфра­құ­ры­лымдық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның транзиттік және экс­порт­тық әлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кеше­нін дамытудың, экономиканы әр­та­рап­тандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті ин­фра­­құ­рылымдық жобаларды жү­зеге асыру және экспорт­қа бағыт­талған жоғары техноло­гия­лық өн­діріс­терді дамыту елдің эко­но­микалық саясатының басымдығы болып саналатынына назар аударды. А.Мамин автомобиль және те­мір­жол магистральдарын қайта жөндеу, Каспийдегі порт инфра­құ­рылымын жаңғырту, «Қорғас» ха­лық­аралық шекаралық ынты­мақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын айтты. «Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі пай­да­лануға берілгенін, «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» арнаулы экономи­калық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік-ло­гистика орталығы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кеше­ні­нің, «Алматы-1 – Шу» темір­жол учас­кесінде екінші бағыт­тың құры­лысын аяқтау, ал ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында елорда әуежайының халықаралық терминалы мен жаңа теміржол вокзалының құрылысын бітіру жоспарланып отыр. А.Мамин, сондай-ақ, компа­ния қызметті жетілдіру және шығыстарды қысқарту бағдар­ла­масын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 миллиард теңге болғанын айтты. Компанияның жаңа өкілет­тіктерді дамыту және контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағы­тындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28%-ға жеткізуге мүмкіндік берген. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.