• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауыл Бүгін, 15:30

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

10 рет
көрсетілді

Былтыр ел аумағындағы ауылдық елді мекендер саны 83-ке қысқарып, 6 мыңға дейін азайды. Ұлттық статистика бюросының әкімшілік-аумақтық бірліктер жөніндегі деректері осыны көрсетеді. Бұл – бір жылдағы көрсеткіш қана. Ал ұзақ мерзімді үрдіске қарасақ, ауылдардың біртіндеп жоғалуы соңғы ширек ғасыр бойы тоқтаусыз жалғасып келеді, деп жазады Egemen.kz.

DATA HUB телеграм арнасының мәліметінше, соңғы 25 жылда Қазақстанда шамамен 1,8 мың ауыл есептен шығарылған. Әсіресе соңғы үш жылда бұл үдеріс айқын жеделдеген. Мәселен, 2020-2022 жылдары ауылдар саны 46-ға қысқарса, 2023-2025 жылдары бірден 199 елді мекен таратылған.

2025 жылғы қысқарудың негізгі үлесі бір-бірімен шектес жатқан үш солтүстік өңірге тиесілі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары жалпы төмендеудің 80 пайызын қамтамасыз еткен. adilet.zan.kz ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжаттарға сәйкес, аталған өңірлерде 68 ауыл таратылып, тек бір ғана жаңа елді мекен – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Нұрлы ауылы құрылған. Бұл аудан елордаға шекаралас аумақта орналасқан.

Шаруашылық іріленбей, ауыл көркеймейді 

2021 жылғы халық санағы таратылған 68 ауылда небәрі 1,5 мың адам тұрғанын көрсеткен. Бұл 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 4,4 есе аз. Ең көп тұрғыны бар елді мекен – Ақмола облысындағы Красносельское ауылы, онда 74 адам ғана тіркелген. Ал 62 ауылда тұрғындар саны 50 адамға да жетпеген. Павлодар облысындағы Малая Парамоновка ауылында бірде-бір тұрғын тіркелмесе, Солтүстік Қазақстан облысындағы Мирное мен Калиновка ауылдарында тиісінше бір және екі адам ғана тұрған.

Елдегі алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығына қандай пайда әкеледі?

Мұндай көрсеткіштер ауылдарды таратуға басты себеп – тұрғындар санының күрт азаюы екенін аңғартады. Заңнамаға сәйкес, егер елді мекенде үш жыл қатарынан халық саны 50 адамға жетпесе, ол ауыл таратылуға жатады. Әдетте бұл елді мекенді ресми есептен шығарып, оны көршілес ірі ауылдың құрамына қосу арқылы жүзеге асады. Бұл ретте түпкілікті шешім жергілікті билік тарапынан тұрғындардың ашық жиналыста білдірген пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс.

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?

Сарапшылардың пайымдауынша, ондаған ауылдың бір жыл ішінде таратылуы – елде тұрғындары іс жүзінде қалмаған, бірақ әлі ресми түрде есепте тұрған елді мекендер аз емес екенін көрсетеді. Жалпы ауыл халқының азаюы – көбіне көші-қонға байланысты құбылыс. Бұл үрдіс тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола немесе Павлодар облыстарымен шектелмейді, елдің басым бөлігінде байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының өсімі тек Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында ғана тіркелген.

Соңғы жаңалықтар