• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Тәжірибе алмасады

266 рет
көрсетілді

Сайлауды байқау жөніндегі рес­публикалық қоғамдық комис­сияның штабында осы комиссия мүшелерінің ТМД байқаушылар миссиясы штабы өкілдері Евгений Слободамен және Евгений Козяковпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетов шетелдік әріптестерге аталған комиссияның қызметі, байқаушыларды оқыту бойынша қолға алынған жұмыстар, саяси науқанды сараптаудың ағымдағы нәтижелері жайлы баяндады. Нұрлан Ерімбетов комиссия қызметі барысында Орталық сайлау комиссиясы, байқаушылардың халықаралық миссиялармен, партиялардың сайлауалды штабтарымен, БАҚ-пен белсенді түрде іс-әрекет ететініне тоқталды. «Бүгінгі кездесуге ТМД елдерінің байқаушылары, яғни тәжірибелі азаматтар келіп отыр. Олар сайлауалды мәселелерге қатысты сараптама жүргізеді. Себебі, олар – сырткөз. Бізге олардың, оларға біздің тәжірибеміз керек. Олар сайлауға заңнамасына қатысты сауалдар қойып жатыр. Осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізіп, халқымыздың жағдайымен танысып кетеді», – деді Н. Ерімбетов. Оның айтуынша, бүгінде байқаушыларды дайындау үдерістері басталып кеткен. «Елімізде 10 мыңнан астам байқаушы болады. Олар барлық елді мекендердегі сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. Барлық жұмыс заңға сәйкес болуы керек», – деді комиссия төрағасы. Өз кезегінде ТМД байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода Сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссиямен өзара әрекет етуге, ақпаратпен және тәжірибемен алмасуға әзірлігін білдіріп, сайлау науқанының қарқындылығын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстандағы ашық сайлау үдерісіне байқаушылардың, оның ішінде халықаралық байқаушылардың қызметі септігін тигізетініне сенімді екенін жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».