• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Чемпиондар лигасы. ПСЖ мен «Бенфика» ширек финалда (видео)

234 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 наурыз. Өткен түнде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алған тағы екі команда анықталды. Атап айтқанда, қарымта кездесуде қарсыластарын 2:1 есебімен жеңген Францияның ПСЖ-сы мен Португалияның «Бенфикасы» жарысты жалғастыратын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Челси» (Лондон, Англия) – ПСЖ (Париж, Франция) 1:2 (1:2) Голдар: Диего Коста 27 – Адриен Рабио 16, Златан Ибрагимович 67. Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесу тартысқа толы болды. Алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңген париждіктер көбіне қорғанысқа көңіл бөлді. Ал алаң иелері жиі шабуылдап, жүйелі ойнауға тырысты. Алайда, есепті қонақ команда ашты. 16-минутта Златан Ибрагимовичтен пас алған 20 жастағы Адриен Рабио мергендігімен көзге түсті. Десек те, үзіліске дейін «Челси» ойыншылары Диего Костаның көмегімен таразы басын теңестірді. Екінші таймда лондондықтар қанша шабуылдаса да, соңғы сәтте мүлт кетіп жатты. Есесіне, ПСЖ футболшыларының шабуылдары нәтижелі болды. Нақты айтсақ, 67-минутта Ибрагимович гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – «Бенфика» (Лиссабон, Португалия) 1:2 (0:1) Голдар: Халк 69 – Николас Гайтан 85, Андерсон Талиска 90+6. «Бенфиканың» өз алаңында өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңгені белгілі. Бұл жолы да португалдардың басымдығы анық байқалды. Оны ойынның статистикалық көрсеткіштерінен де көруге болады. Мәселен, қақпаға тура соққы бағыттау бойынша «Бенфика» 10 – 4 көрсеткішімен басым түсті. Есепті 69-минутта алаң иелері ашқанымен, матчтың соңғы 10 минутында босаңдық танытқан олар қақпаларына екі бірдей гол жіберіп алды. Нәтижесінде, «Бенфика» ширек финалдың жолдамасын иемденіп кетті. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: championat.com.