• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Қарағандыда ұрылар кәсіпкердің үйін тонап кетті

252 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 10 наурыз. Қарағандыда белгісіз біреулер қаладағы ірі кәсіпкердің үйіне түсіп, дүние-мүлкін тонап кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Күдіктілер кәсіпкердің қонаққа кеткенін пайдаланып, өздерінің арам ойларын толығымен жүзеге асырған. Үйдің ішін емін-еркін ақтарған олар ноутбук, алтын және күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, екі қол сағаты, құндыз тондар мен бас киім сынды бағалы заттарды алып кеткен. Кәсіпкерге келтірген шығынның мөлшері  870 мың теңгеге бағаланды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктілерге қарсы іздестіру шараларын қарастыруда. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: nur.kz.