• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Мысырда ірі жол апаты болып, 12 адам қаза тапты

255 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 наурыз. Мысырдың солтүстік-шығысында орналасқан Синай түбегінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам қаза тауып, 18 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz  тілшісі хабарлады. Мысыр ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жол апаты Оңтүстік Синай провинциясында орын алған. Онда Әбу-Рудейса орталығына тиесілі қызметтік көлік пен шағын автобус соқтығысқан. Салдарынан бірнеше полицей, 4 оқушы және жеке тұлғалары анықталмаған тағы 2 адам қаза тапқан. Айта кетейік, қазір осы оқиғаға байланысты тергеу ісі жүргізілуде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.