АСТАНА. 10 наурыз. Египеттің оңтүстігіндегі Синай түбегінде жол апатынан 18 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қаза болғандардың арасында Египет ішкі істер министрлігінің 12 қызметкері және 4 студент бар. Қалған екі адам жайлы мәлімет әзірге белгісіз. Сондай-ақ, 5 адам түрлі деңгейде жарақат алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді.
«Аль-Яум ас-Сабиа» басылымының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Абу-Рудейс және Оңтүстік Синай провинциясының әкімшілік орталығы Эт-Тор елді-мекендерінің арасында болған. Жолаушыларға толы микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып қалды. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: e1.ru