АСТАНА. 10 наурыз. Ресейде Fiat автоконцерні ақауы бар 2,1 мың Ducato үлгісіндегі көлікті кері қайтарады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Компания басшылығының айтуынша, көліктердің бәрінде оталдыру жалғағышын алмастыру қажет. Олардың бәрі тиісті жөндеуден өткеннен кейін иелеріне қайтарылады. Бұл тізімге өткен жылдың 15 қаңтары мен 1 маусым аралығында шыққан көліктер енді.
Айта кетейік, өткен айда Toyota компаниясы Жапонияда сатылған 2,87 миллион көлікті қауіпсіздік белдігінің дұрыс орнатылмағанына байланысты кері шақырған.
Ал Volkswagen компаниясына экологияға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатқанына байланысты Еуропаның және Азияның бірнеше елдері ірі көлемді айыппұл салды. Сондай-ақ, АҚШ-тың Нью-Мексико штатының басшылығы компанияның бұл ісін алғаш болып сотқа берді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: meuproximocarro.blogspot.com.