• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2016

Siemens компаниясы 2,5 мың жұмысшысын қысқартпақ

453 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 наурыз. Siemens компаниясы 2,5 мың жұмысшысын қысқартпақ. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған басылымның хабарлауынша, электронды техника жасап шығаратын ірі неміс концерні Siemens AG алдағы уақытта 2,5 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығармақ. Компания мұндай қадамға тұтынушылар тарапынан шикізат секторына сұраныстың азайғандығынан баруға мәжбүр болған. Қысқартудың басым бөлігі неміс зауыттарында жүргізілмек. Компания таратқан баспасөз мәлімдемесінде бұл іс-шара қызметтерді біріктіріп, Еуропадағы өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталғаны туралы айталады. «Мұндағы басты мақсат – қазіргі қиын нарықтық жағдайда бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады», – деп жазады басылым. Еламан Қоңыр. Дерек: The Wall Street Journal. Сурет: aeroport-transfer-muenchen.com.