• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

Тоғыз үміткер де үгіт жұмыстарына кірісті

278 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Ох­лопкова журналистермен кездесіп, Қазақстан халқы Ассам­блеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кан­ди­даттардың сайлау алдындағы үгіті жүріп жатқанынан хабардар етті. «2016 жылғы 6 наурызда Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы сай­лай­тын Парламент Мәжілісінің депутат­тығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды, ол 2016 жылғы 19 наурызда сағат 24.00-де аяқталады, – деді Т.Охлопкова. – Өз­деріңіз біле­тін­дей, 2 наурыз­да ОСК Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы сайлай­тын Қазақ­стан Респуб­ликасы Пар­ла­менті Мәжілі­сінің депутат­тығына кандидат­тар­дың үгіт жұмы­сы­на республи­калық бюджет қара­жа­тынан қаржыландырылатын шы­ғыс­тарының мөлшерін де бекітті». Оның атап өткеніндей, теле­дидар бойынша сайлауалды бағ­дар­ламамен шығуға әрбір кандидатқа 139 000 теңге бөлінеді. Ал радиода бағдарламамен шығуға – 82 000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауға – 178 000 теңге, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға – 33 000 тең­ге, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға – 66 000 және көлік­тік шығыстарға 132 000 теңге бөлінеді. «Бұған қоса, республикалық бюд­жеттен ҚР ОСК белгілеген мәлі­мет­тердің стандартты жиынты­ғымен бірыңғай стандартта кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар әзірлеуге де ақша бөлінеді, олар Астана қалалық сайлау комиссиясында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылады, – деді ол әрі қарай. – Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына кедергісіз және тең қол жеткізуіне сайлау заңнамасы кепілдік береді». Т.Охлопкованың хабардар еткеніндей, БАҚ тіркелген барлық кандидаттарға эфир уақыты мен бас­пасөз бетінен орын беруде тең жағдайлар жасауы тиіс. Кан­ди­даттардың барлық үгіттік баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуы қажет. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт науқаны сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтетініне және барлық кандидаттар белгіленген тәртіпті ұстанатынына сенім білдіреміз», – деді ол. ОСК мүшесі, сондай-ақ, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған ең жас кан­дидат 33 жаста екенін де атады. Ол – «Луис» армян мәдени орта­лығының төрайымы Наринэ Микаелян. Т.Охлопкованың айтуынша, ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды. «Кандидаттармен сайлау қоры құрылмайды. Оларға бюджеттен 630 мың теңге көлемінде қара­жат бөлінеді. Оның сыртында өзге көздерден қаржы тартуларына рұқсат берілген. Олар ҚХА мүше­лерімен бірге үгіт-на­си­хат жұ­мыс­тарын жүргізе алады. Өйткені, 21 наурызда кандидат­тар­ды ҚХА-ның 446 мүшесі сайлай­тын болады», – деді ол осы жөнінде. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».