• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

Әңгіме өзегі – әлеуметтің әлеуеті

262 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшелері шығысқазақстандық тұрғындармен кездесті. Өскемен қаласындағы №7 орта мектепте өткен кездесуге Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Уәлихан Қайсаров пен Рахым Айыпұлы қатысты. – Әр адамның азаматтық парызы болады. Кез келген қазақстандық «елім­нің тағдыры менің қолымда тұр» деп ойлауы тиіс. Егер адам өзінің саяси құқық­тарына байыпты түрде қарамаса, онда оның биліктен басқа да құқығын талап етуі орынсыз болар еді. Яғни, азамат ретінде мемлекет ісінің дамуына, демократияның алға жылжуына үлес қоспаса, ол мемлекеттің тағдырына ғана емес, өз өміріне де бейқам қарайды деп ұққанымыз жөн. Сондықтан, сайлау – кез келген демократияның негізгі қағидасы саналады, – деп бастады өзінің сөзін партия мүшесі Уәлихан Қайсаров. ЖСДП өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының ерек­шеліктері көп екенін айта келіп, оның негізгі екі бағытына тоқталды. – Халықтың әлеуметтік жағдайын жақ­сарту үшін ең алдымен сыбайлас жем­қорлықпен күрес жүргізуіміз керек. Жең ұшынан жалғасуға төзбей, оған тү­бегейлі тоқтам қойғанда ғана эконо­микамыз алға жылжиды. Жемқор­лық – адам­ның рухани жан дүние­сін был­­ғайды, ішкі ұстанымдарын жоя­ды. Жем­қорлықты жеңбесек, бюд­жет қар­жы­сы мақсатты түрде жұмсал­майды. Екі­н­шіден, партиямыз сыбайлас жем­қорлықты жоюға үлкен маңыз береді. Жемқорлықпен күресе отырып, мем­лекеттің ауқымды қаржысын ел игілігіне жұмсауға жол ашу қажет. Бюджет тиімді игерілгенде қаржы текке рәсуа болмайды, – деді Уәлихан Қайсаров. Сондай-ақ, Жалпыұлттық социал-демо­кра­тиялық партия белсенділері шағын және орта кәсіпкерлікті дамы­ту­дың өзектілігіне тоқталды. Кеңес Ода­ғының тұсында кооперативтерді салық­тан үш жылға дейін босату тәжі­рибесі болғаны белгілі. Қаржыны еселеу үшін кәсіпкерлікке көптеген мүмкін­діктер берілуі тиіс, дейді олар. Соның бірі – екін­ші деңгейлі банктер ұсына­тын несие қаржысының пайыздық мөл­шер­лемесін төмендету. – Шетелдерден 1,5 пайыздық мөл­шер­лемемен келген несиені отандық екінші деңгейлі банктер несие алушыларға он есе қымбаттатып ұсынады. Бұл қолда бар қаржымызды өсіруге мүм­кін­дік бер­мей отыр. Егер пайыздық үсте­мені төмен­детуге қол жеткізсек, жастары­мыз­дың арзан несиемен баспаналы болуына және жеке кәсібін құруға жол ашылар еді. Сондай-ақ, басқалар да банктерден несие алып, аса қажет деген дүниелеріне қол жеткізер еді. Төлеген кезде де көп қиналмас еді, – деді партия мүшелері. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН. Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.