• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

1616 адам жұмысқа орналасты

347 рет
көрсетілді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының тұрғындар үшін әлеуметтік мәні зор. Өйткені, аталған бағдарлама жұмыссыздарға жұмыс беруге, еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге, мамандарды қайта даярлауға кеңінен жол ашып отыр. Әр жылы аталған құжатта белгіленген міндеттерді орындау үшін арнайы жұмыс жоспары құрылады. Жаңа және босайтын жұмыс орындарына болжам жасалады. Соның арқасында жұртшылықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев­тың жыл қорытындысы бойынша әзірлеген облыстың 2015 жылғы әлеу­меттік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде өңір бойынша жұмыссыздар саны 1255 адамға қысқарғаны көрсетілген. Соның ар­қасында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Былтыр ауданда «Еңбек нарығы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» ақпараттық жүйелер базасының бірігуіне байланысты 1577 адамды жұмыспен қамту туралы кешенді жоспар сәуір айында бекітілді. Дегенмен, біз оған дейін қол қусырып қарап отырмадық. Жұ­мыссыздықпен күрес шаралары­на қызу кірісіп, жыл ішінде 1680 адамды жұ­мыс­қа орналастырып, тапсырманы 106,5 па­йызға орындадық. «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша 10 нысанға 65,3 миллион теңгеге 28 жұмыс орнының тең жартысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясын­да 14 адамды жұмысқа орналастыру көзделген болатын. Аудан тұрғындары 14 жұмыс орнына құрылыс жұмыстар­ына тартылды. Барлық 10 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталған. Үнемделген қаражат есебінен қо­сымша 2 жобаға 17,3 миллион теңге бөлініп, қосымша 4 адам жұмысқа жі­берілді. 10 пайыздық зейнетақы жарналары әлеуметтік төлемдері уақтылы аударылды. Негізі жол картасының бірінші бағыты бойынша 18 адам жұмыспен қамтылуы тиіс еді. Біз бұл жос­парды толық орындадық. Бағдарламаның екінші бағыты – «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту». Жоспарға сәйкес 39 азаматтың кәсіпкерлік бастамасы ынталандырылуы керек. Ал ауданда бүгінгі күні 46 адамның өтініші қанағаттандырылып, олар жалпы сомасы 107 миллион 7 мың теңге несие алды. Соның ішінде алдыңғы несиелер­дің қайтарымы есебінен 8 тұрғын 14,1 миллион теңге несиеге қол жеткізіп отыр. Несие алып, өз ісін дамытушы 46 кәсіпкер 71 жаңа жұмыс орындарын ашты. Бағдарламада жұмыс берушінің қа­жеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолдары да қарастырылған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жоспардағы 243 адамның орнына 249 тұрғын тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 80 жұмыссыз жолдануы керек болса, 93 адам қамтылды. «Жастар тәжірибесінен» 123 жас маман өтуі тиіс еді. Ал аудан бойынша 131 жасқа осын­дай мүмкіндік берілді. 1143 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 98 жұмыссыз жаңа жұмыс орындарына жолдама алды. Өңірлерді дамыту салалық бағ­дар­ламасы шеңберінде, нақты айтқанда, «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 22 адам Түймекент орта мектебі­нің жөндеу жұмыстарына, 3 тұрғын Көк­тал орта мектебінің қазандығын және Мә­ді­мар балабақшасының жөндеу жұмыстарына, 7 адам туберкулез ауруханасы құрылысына жұмысқа жіберілді. Биыл ауданда үдемелі индустрия­лық-инновациялық дамыту бағдарламасы бо­йынша «Әулие ата Феникс» ЖШС құс фабрикасында тағы да көптеген жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Арғынбай Ысқақ, Байзақ ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.