• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

Тунисте үкімет әскері 50 лаңкестің көзін жойды

241 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Тунистің Бен-Гердан қаласында арнайы жасақ 50-ге жуық содырдың көзін жойды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 7 наурызда мемлекеттің Ливиямен шекаралас аймағындағы Бен-Гердан қаласында лаңкестер бақылау бекеттеріне шабуыл жасаған. Бүгінге дейін экстремистік ұйым мен үкімет әскері арасында қақтығыс болып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, 7 бейбіт тұрғын және 13 сарбаз қаза тапты. Сондай-ақ, 17 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Қазіргі кезде аймақта комендаттық сағат жарияланып, Тунистің оңтүстігіндегі шекаралық бақылау бекеттері жабылды. Айта кетейік, Тунис саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие елдердің бірі болатын. Алайда, лаңкестік әрекеттердің жиі болуы мемлекеттің туриндустрисына кері әсерін тигізді. Еуропадан келетін саяхатшылардың саны күрт азайды. Өткен жылдың 18 наурыз күні ел астанасындағы ұлттық мұражайға баса-көктеп кірген лаңкестердің әрекетінен 20 адам қаза тапты. Ал 26 маусымда Riu Imperial Marhaba қонақ үйінің алдында жасалған шабуылдан 38 саяхатшы мерт болып, 40-тан астамы түрлі жарақат алды. Осыған байланысты жүздеген қонақ үй жабылды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: gordonua.com.