• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Көктемгі жәрмеңке

332 рет
көрсетілді

Халықаралық әйел­дер мере­кесі күніне орай­ластырып «Тәуелсіздік» және «Алтын Ғасыр» сауда үйі алаңдарында көк­темгі жәрмеңке өткізілді. Шараға Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен Көкшетау қаласының кәсіпорындары қатысты. Сондай-ақ, Аршалы ауданындағы «Ижевский» өндірістік кәсіпорны, Бурабай ауданындағы «Береке Агро» және Целиноград ауданындағы «Capital Project Ltd» ЖШС арнайы шақырылды. Жәрмеңке алаңдарында 160 сауда нүктесі, 22 автокөлік 48 түрлі 356,1 тонна өнімді саудаға шығарды. Бұлардың жалпы құны 118,6 миллион теңгені құрайды. Мұның ішінде 76,8 тонна ет пен 18,2 сүт өнімдері, 64 тонна ұн, 35,5 тонна картоп, 45,2 тонна көкөніс, 15,5 тонна жарма, 13,5 мың литр өсімдік майы бар. Жәрмеңке әдеттегідей көркемөнерпаздар кон­цертімен, театрландырылған көрініс­термен және ыстық шай мен бауырсақ­тарымен көңіл өсірді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы. Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.