• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Белсенділік танытуға шақырды

396 рет
көрсетілді

Сайлау күні жақындаған сайын аймақтарда пар­тия­лардың белсенділігі арта түсуде. Солардың бірі – Жалпы­ұлттық социал-демократиялық партия. ЖСДП атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Айдар Әлібаев пен «Общественная позиция» газетінің редакторы Бақыткүл Макимбай жамбылдық сайлаушылармен кездесті. Жиынға қала тұрғындары мен бірнеше ауданнан келген партия өкілдері қатысты. Облыс орталығындағы «Сәуле» дәмханасында өткен кездесуді ЖСДП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Григорий Тен ашып, бүгінгі күні сайлаушылармен жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол жиналғандарды партияның қазіргі бастамалары, болашақ жоспарлары мен міндеттері туралы да хабардар етті. – Рас, біз үшін маңыздысы – көпшіліктің сайлауға келуі. Таңдау өздерінде. Дегенмен, үміткерлер тарапынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытып, партияның бағдарламасындағы басымдықтарды көпшілікке жеткізу де парыз. Саяси науқан кезінде сайлаушылар үшін барынша түсінікті де қолайлы насихат қағаздарын таратып, жұмыс жүргізудеміз. Соңғы он жыл көлемінде филиал қоғамдағы мәселелерге үн қатып келеді, – деді Григорий Тен. Бұдан кейін сөз алған кандидаттар Айдар Әлібаев пен Бақыткүл Макимбай сайлаушыларға ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Біздің ұсыныстарымыз шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту төңірегінде қарастырылған. Сонымен қатар, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықпен күрес, т.б. маңызды мәселелер бар. Социал-демократтар, сондай-ақ, партияның ұстанымдары мен негізгі қағидаларын тілге тиек етіп, Мәжіліс сайлауына сайлаушылардың сенімінен шығу үшін қатысып жатқандарын жеткізді. Кандидаттардың айтуынша, партияның қазіргі межесі сайлау науқанында осылайша жер-жерлерде алқасөздер, флеш-мобтар өткізіп, сайлаушылармен кездесу, партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау екен. Жалпыұлттық социал-демокра­тиялық партияның өкілдері үгіт-насихат науқаны кезеңінде бұған дейін Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында болғандарын айтты. Жоғарыда атап көрсетілгендей, әлі де еліміздің біраз аймақтарын, оның ішінде ірі қалаларын аралауды жоспарлап отырған көрінеді. Ал Тараздағы кездесу барысында пар­тияның жергілікті филиалының төрағасы Григорий Тен сайлауға дайындық жұмыстары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Кездесу соңында партия өкілдері жиынға келгендерге алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, сайлауға жаппай қатысуға шақырды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.