• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Партияны қолдайтындар қатары қалың

285 рет
көрсетілді

Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Асқар Мырзахметов бастап кел­ген делегация құрамында Мәжіліс­тің V шақырылымының депутаттары Ба­қыт­жан Смағұл, Нұрлан Әбдіров, Халық Қаhарманы Бақытжан Ертаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының прези­денті Бекболат Тілеухан, «Жас Отан» ЖҚ төр­ағасы Шахмардан Байманов, Олим­пиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой клубының директоры Серік Сә­пиев және т.б. танымал адамдар болды. Сапар барысында Қызылорда об­лысындағы қашықтығы 812 шақы­рым­ды құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құры­лысына қатысқан ұжыммен үгіт-на­сихат тобы арнайы кездесу ұйым­дастырды. «Автомобиль жолдары бас­қар­масы» ЖШС-нің жұмысшылары халық­аралық дәліздің 40 шақырымын жаңа­дан салған. Ал көлік-логистикалық инфра­құрылымды дамыту – «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы басымдықтарының бірі. Қазірдің өзінде қызылордалықтар тас жол өңір экономикасына жаңа серпін бергенін сезгендерін жасырмайды. Президенттің «Нұрлы Жол» жобасы аясында 395,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген. «Нұр Отан» партиясы сай­лауалды бағдарламасында осы мəсе­леге баса назар аударылса, осы мақ­сатқа 22,5 млрд. доллар қаражат бөлін­гені белгілі. Енді ол көлік, тұрғын үй жəне əлеуметтік инфрақұрылым салаларын­да ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады. Штаб мүшелері, сондай-ақ, «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің ұжы­мымен де кездесті. Аталған кешенде құрамажем және күріш жармаларын өндіру мен тазарту жүзеге асырылады. Құрамажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 80 тонна болса, күріш өңдеу зауытының қуаттылығы тәулігіне 150 тоннаға жетеді. Республикада өсірілетін күріштің 86 пайызы осы өңірде өседі. Сонымен қатар, облыста қуаттылығы жы­лына 11 мың тоннаға жететін 8 балық өңдеу зауыты бар. 2015 жылы екі кәсіп­орын 1,7 мың тонна балық өнімін экс­портқа шығарды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. «Нұр Отан» РСШ өкілдері өңірдің спортшы қауымымен де кездесіп, «Нұр Отан» партиясы қолдаушыларының форумында бас қосты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.