• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №106

255 рет
көрсетілді

2015 жылғы 20 ақпан, Астана қаласы Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидалары бекітілсін. 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімді нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізуге негіз болып табылады; 2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – электр энергиясын қысқа мерзiмдi («операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттық және «бір күн бұрын» режимінде), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңы; 3) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – белгiлi бiр кезеңде оларды нақты жеткiзе отырып, электр энергиясының шарттық көлемiн сатып алуға-сатуға арналған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi арасында жасалатын келiсiм; 4) электр энергиясының транзитi – электр энергиясын басқа елдің энергия жүйесiнен беру үшiн бiр немесе бiрнеше шектес елдердiң электр желiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметтер; Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 3. Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу-сатумен байланысты қатынастар жүйесін білдіреді және мынадай өзара байланысты жұмыс істейтін нарықтардан тұрады: 1) электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы; 2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы; 3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы; 4) жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығы. 2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру тәртібі 4. Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері рұқсат беріледі. 5. Энергия өндіруші ұйымдар, мынадай талаптарды орындаған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысады: 1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен лицензиясының болуы; 2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 мегаватт (бұдан әрі - МВт) көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуат жеткізу (орта жылдық қуатты жаңартылған энергия көздері үшін) және коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйелерінің, жүйелік операторда белгіленген жүйелермен оларды біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың болуы; 3) ұлттық және қажет болған жағдайда аудандық электр желісіне рұқсаты болуы. 6. Энергия өндіруші ұйымдарға ұлттық электр желісіне және/немесе өңірлік электр желісіне жүйелiк оператормен мынадай: 1) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтыну режимдерiн техникалық диспетчерлендiру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған; 2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтыну теңгерiмдерiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған; 3) теңгерімді электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған шарттары болған кезде рұқсат берiледi. 7. Электр энергиясының тұтынушылары, оның ішінде энергия беруші ұйымдар мынадай талаптарды орындаған кезде көтерме сауда нарығына қатысады: 1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемiнде 1 МВт көлемінде орташа тәулiктiк (базалық) қуат сатып алу және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерiнiң, жүйелiк операторда белгiленген жүйелермен оларды бiріздендіруді қамтамасыз ететiн телекоммуникациялардың, қажет болған жағдайда өңірлік электр желілік компанияның болуы; 2) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желiлерiне рұқсаттың болуы. 8. Электр энергиясының тұтынушыларына, оның ішінде энергия беруші ұйымдарға ұлттық электр желісіне мынадай: 1) жүйелiк оператормен: ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған; импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендiру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясының импортын жүзеге асырған жағдайда); Қазақстанның бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтыну теңгерiмдерiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған; теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған шарттары; 2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат берiледi. 9. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мынадай талаптарды орындаған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асырады: 1) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу құқығына арналған лицензиясының болуы; 2) электр энергиясының көтерме сауда нарығынан кемiнде 1 МВт көлемінде орташа тәулiктiк (базалық) қуат жеткізу (тұтыну) бойынша талаптарды орындау; 3) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желiлерiне рұқсаттың болуы. 10. Ұлттық электр желісіне энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға мыналар: 1) жүйелiк оператормен: - ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған; - импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендiру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясы импортын жүзеге асырған жағдайда); - Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру/тұтыну теңгерiмдерiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған; - теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған шарттары; 2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат берiледi. 3. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы 11. Энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне өндірілген электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. 12. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында өз қызметiн жүзеге асыру үдерiсiнде энергия өндіруші ұйымдар: 1) жүйелiк оператормен бiрлесіп, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде стандарттық жиiлiктi реттеудi және ұстап тұруды жүзеге асырады; 2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторына электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған нарығында жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының электр энергиясының нарығына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты бередi; 3) қуат резервтерін ұстауды, көлемін, құрылымын және жасалған шарттар негізінде жүйелік оператор айқындаған олардың орналасуын қамтамасыз етеді; 4) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, оның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенімен байланыс құралдарының болуын қамтамасыз етеді; 5) жүйелік операторға және өңірлік электр желілері компаниясына электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді. 4. Тұтынушылардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы 13. Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясын сатып алады. 14. Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) электр энергиясын сатып алу-сату шартымен айқындалған электр тұтыну режимдерін сақтайды; 2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес тәртіп бойынша тұтынушының меншігіндегі электр және энергия құрылғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін қолдайды, олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындайды; 3) жасасылған шарттармен белгіленген мерзімде коммерциялық аспаптардың өлшем деректерін ұсынады; 4) жүйелік оператор мен өңірлік электр желілері компаниясына электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді; 5) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, оның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен және өңірлік электр желілік компаниямен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен және өңірлік электр желілік компаниялармен байланыс құралдарының болуын немесе басқа диспетчерлік орталықпен жедел-диспетчерлік өзара іс-қимыл жасау жөнінде өкілеттік беру туралы құжаттың болуын қамтамасыз етеді; 6) өкілетті диспетчерлік орталықпен қосылған телеметрикалық ақпаратты жинақтау және беру жүйесінің болуын қамтамасыз етеді; 7) электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша өзінің контрагенттеріне және жүйелік операторға электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының талаптарының өзгергені туралы уақтылы ескертеді; 15. Электр энергиясын сатып алуға арналған шарттары жоқ электр энергетикасын тұтынушылары ұлттық және (немесе) өңірлік электр желілерден ағытады. 5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы 16. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде тиісті шекті, есептік немесе жеке тарифтерді есепке ала отырып, өз тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. 17. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) жүйелік операторға және (немесе) өңірлік электр желілік компанияға қызмет көрсететін тұтынушылардың электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуге рұқсат береді; 2) тиісті диспетчерлік орталықпен немесе өңірлік электр желілік компания пунктімен диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың болуын қамтамасыз етеді; 3) электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша өзінің контрагенттеріне, жүйелік операторға және (немесе) өңірлік электр желілік ұйымдарын электр энергияны сатып алу-сату шарттарының талаптарын өзгерту туралы уақтылы ескертеді. 18. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын сатып алуға арналған қолданыстағы шарттар болмаған жағдайда бөлшек сауда тұтынушылары Заңмен белгіленген тәртіппен кепілдендірілген электр энергия жеткізушісіне беруге жатады. 6. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы 19. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетеді, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде электр энергиясына және шаруашылық мұқтаждыққа жұмсалатын технологиялық шығыстарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алады. 20. Өңірлік электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілейтін тарифтер бойынша өңірлік электр желілері, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылған электр энергия тұтынушыларына көрсетіледі. 21. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде: 1) Заңға сәйкес тәртіп бойынша белгіленген электр энергиясының сенімділік нормаларына және сапа стандарттарына сәйкес өңірлік электр желілері бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асырады; 2) өңірлік электр желілеріне қол жеткізу үшін тең талаптарды қамтамасыз етеді; 3) өңірлік электр желісінің пайдалануға әзірлігін қолдауды және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді; 4) өңірлік электр желілерінің тұрақты және сенімді жұмысын, жедел басқару (іске қосу) аймағына кіретін энергетика объектілерінде аварияның алдын алу, оқшаулау және жою бойынша шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді; 5) жүйелік операторымен бірге ұлттық стандарттармен өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы және техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес берілетін электр энергиясының сапасын қамтамасыз етеді; 6) өңірлік электр желілері шекарасында келісілген есепке алу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асырады; 7) Қазақстанның бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру (тұтыну) режимдерiн жедел диспетчерлiк басқару үдерісінде жүйелiк оператормен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 8) ұлттық және өңiрлiк электр желісінің бөлiну шекараларындағы коммерциялық есепке алудың келiсiлген нүктелерiнде электр энергиясының меншікті теңгерiмсiздiктерiн жүйелiк оператормен қаржылық реттеуді жүзеге асырады; 9) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінен электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады және сапасын бақылауды жүзеге асырады. 7. Жүйелік оператордың және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы 22. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысады. 23. Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетеді. 24. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы: 1) сауда жүйесiнің электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргiзуге тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз етеді және ұстайды; 2) көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң коммерциялық тәуекелдерiн барынша төмендету мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында кепiлдіктер мен есеп айырысудың орталықтандырылған жүйесiн ұйымдастырады; 3) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушыларды сауда жүйесiмен жұмыс істеуге оқытады; 4) орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмiлелердiң орындалу мониторингін жүзеге асырады; 5) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқан электр энергиясына арналған индикативтік бағалар жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. 8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі 25. Электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында көтерме сауда нарығының субъектiлерi электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын өз еркімен жасайды. Электр энергиясын жеткізудің көлемдері мен мерзімдері шарт талаптарымен айқындалады. 26. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттар мен мәмілелер Заңға сәйкес тәртіппен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүргізетін орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалады. 27. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң орталықтандырылған сауда-саттықтарға қатысуы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ерiктi негізде және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторымен жасалатын қатысу шартының негізінде жүзеге асырылады. 28. Электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалады, сондай-ақ мынадай талаптарды көздейді: 1) тараптармен келiсiлген электр энергиясын жеткізу режимінің сағаттық тәулiктiк (маусымдық) өзгеру кестесi; 2) электр энергиясын тұтынушылар мен энергия өндiрушi ұйымдарды электр энергиясының шарттық көлемдерiн торапқа босату мен тораптан қабылдауды табиғи және коммерциялық есепке алу нүктелерiн көрсету; 3) авариялық бұзушылықтар туындаған жағдайда электр энергиясын жеткізу талаптары (резервтеу тәртібі); 4) электр энергиясына сатып алушы уақтылы ақы төлемеген жағдайда электр энергиясының босатылуын шектеу және (немесе) тоқтату тәртiбi. 29. Заңға сәйкес тәртіп бойынша электр энергиясын шектес мемлекеттерге жеткізуді (сатып алуды), шектес мемлекеттердің электр желілері бойынша электр энергиясын беруді немесе транзиттеуді көздейтін электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператормен техникалық іске асыру бөлігінде келісуге жатады. 30. Электр энергиясын экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған мәмiлелер бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында туындайтын қатынастар тиiстi шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық келiсiмдерде көзделген тәртiппен реттеледi. 31. Электр энергиясының экспорты мен импорты, егер қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын, ратификацияланған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын орындау шартымен жүзеге асырылады. 32. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасалған шарттар негізінде жүйелік операторға алдағы тәулікке электр энергиясын жеткізу (тұтыну) өтінімдерін жібереді. 33. Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің өтінімі негізінде тәулік кестені қалыптастырады және бекітеді. 34. Электр энергиясын жеткізу (тұтыну) жүйелік оператор бекіткен, келісілген түзетулерді ескере отырып, тәулік кестесінде көрсетілген электр энергиясын жеткізудің-тұтынудың мәлімделген көлемдеріне сәйкес жүзеге асырылады. 35. Электр энергиясының теңгерімді нарығы Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы және қуат теңгерімін ұстау үшін жүйелік оператордың құралы болып табылады. 36. Жүйелiк оператор шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының шарттық мәндерiн қамтамасыз етеді және электр энергиясының мемлекетаралық теңгерiмсiздiктерiн реттейді. Мемлекетаралық теңгерiмсiздiктердi реттеуді жүйелік оператор тиісті шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық келісімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырады. 37. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы электр энергиясын және қуатты беру, бөлу, диспетчерлеу, реттеу және резервтеу жөніндегі қызметтерді қамтиды, электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну ерекшеліктерімен негізделген және белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істейді. Жүйелік және қосалқы қызметтерді тиісті қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері көрсетеді және алады. 38. Электр энергиясының көтерме сауда нарығына нақты жеткізілгені және тұтынылғаны үшін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімінде көрсетілген, есептік күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша жүйелік оператор жасаған электр энергиясы көлемінің мәндеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10531 болып енгізілді.