• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Бразилияда лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

317 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған жауынның соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында 15 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, олардың саны 18 адамға жетті. Сондай-ақ, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар тобы апатты аймаққа дер кезінде жете алмады. Ал 25 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған дейін аталған штатқа қарасты Сан-Паулу қаласында халықаралық әуежайдағы барлық рейс кейінге шегерілді. Қала ішінде көлік қатынасы қиындап, бұрын-соңды болмаған 177 шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: loveopium.ru.