• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Ғалымдар жасанды көз тіндерін жасап шығарды

1461 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Англияның Кардифф және Жапонияның Осака университеттерінің ғалымдары үшін адамның ствол жасушаларынан көздің көп қабатты тіндерін өсіріп шығарудың орайы келді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тәжірибе барысында аталған тіндер жануарларға салып көрілген. Нәтижесінде көздің алдыңғы қабаты мен қарашығын қалпына келтіруге болатынына көз жеткізілген. Ғалымдар бұдан бұрын лаборатория жағдайында көздің ішкі тор қабығы мен мүйізгек қабығын өсіріп шығаруға қол жеткізген еді. Алайда, олар қазір одан да тереңге бойлап, көздің ішкі тор қабығынан, көздің мүйізгек қабығынан және көздің шырықты қабығынан тұратын күрделірек құрылымды жасап шығарып отыр. Жасанды «көз» зерттеу шеңберінде көздің мүйізгек қабығы қолдан соқыр етілген кроликтерге салынған. Трансплатация олардың қайтадан көріп кетулеріне жағдай туғызған. Жаңалықтың Эндрю Куаток бастаған авторлары осы эксперименттердің өзі адамдар арасында соқыр болып қалғандарды жазып жіберуге толық мүмкіндік беретінін айтады. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Сурет: anabol.kz.