• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

325 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 ақпан. Астанада «Нұр Отан» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған Мәдениет» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуатжан Уәлиев пен «Бірлік» филиалының саяси кеңесінің мүшесі А. Оразалина қатысты. Жиында Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, партия мүшесі Асқар Есімов «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында ол бағдарламаның Елбасы жария еткен 5 институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары аясында әзірленгенін атап көрсетті. Жиын соңында «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуатбек Уәлиев пен «Бірлік» филиалының саяси кеңесінің мүшесі А. Оразалина партия қатарына кірген 33 қызметкерге салтанатты түрде партия билеттерін табыс етті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz