• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2016

Көкшетауда балықшылар фестивалі өтті

281 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 15 наурыз. Фестивальға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының 122 әуесқой балықшысы қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Фестивальді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірдегі «Көкше жиҺаз», «Торфей», «Клевый», «Рыбак»» «Зоо природа» секілді серіктестіктермен және «Алма ТВ» кабельдік телевидениесімен бірлесіп ұйымдастырды. Жарыс екі кезеңмен өткізілді. Мәселен, бірінші сайыс бойынша ұяшықты 3 минутта ұңғылау бәскесінде Юрий Лунга жеңімпаз атанды. Ол осы уақытта 8 ұяшықты бұрғылап үлгерді. Ал, балық аулау жарысында әр қатысушыға екі жарым сағат уақыт берілді. Мұнда 41 балық ұстаған Виктор Евдокимов үздік деп танылды. Сондай-ақ, 40 балықты қармағына іліктірген Александр Жұмағатов екінші, 26 балық ұстаған Евгений Скальский үшінші орынды еншіледі. Жарыстың жекелей есебінде 47,5 ұпай жинаған Юрий Лунга, командалық есепте «Нарфин» балықшылары алтын медальмен марапатталды. Фестивальдің «Ең ірі балық ұстағаны үшін» жүлдесі Виктор Евдокимов пен Сәуле Оспановаға берілді. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.