• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

Елдің маңызды активі

186 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қаз­атом­өнер­кә­сіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұма­ға­лиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Жұма­ға­лиев Мемлекет басшысына бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы, компанияны трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті біздің рес­­публика әлемдегі толық өнді­ріс­тік цикл құруға ұмтылып отыр­ған ірі уран өндіруші ел екенін айтты. – Компания елдің маңыз­ды активі саналады. «Қазатом­өнер­кәсіптің» әртүрлі бірлескен кәсіп­орындарда қатысу үлесі бар, олардың біразы бойынша серік­тес­тер мойындарына алған міндет­темелерін орындамайды. Осы­ған байланысты олардың өз мін­дет­темелерін орындауын қамтама­сыз ету керек, немесе активтерді мемлекет мүддесі үшін қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы әлеу­меттік нысандардың жергілікті ат­қарушы органдар қарауына берілгені, кәсіби бағдарға жатпайтын 11 кәсіпорынның бәсе­келестік ортаға шығарылғаны және өткен жылдың қорытындысы бойын­ша уран өндіруші кәсіп­орындар кеңселері өндіріс ор­на­ласқан өңірлерге көшірілгені туралы баяндады. А.Жұмағалиев трансформа­ция бағдарламасы аясында қа­был­данған кешенді шаралар нәтижесі бойынша «Қазатомөнеркәсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткенін, ал компанияның экономикалық қо­сылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты. Ұлттық компания басшысы Елбасына өндірісті әртараптандыру үшін қабылданған, атап айтқанда, АЭС отынын өндіру зауытының құрылысына дайындық шаралары туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.