Белгілі дінтанушы, Бұхарадағы Мирараб медресесі мен Ташкент Ислам институтының түлегі, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы орталығындағы кезінде медресе болған, қазір тарихи мұражайға айналған тарихи кешенді салдырған Аппақ ишанның немересі Құрбанәлі Ахмедтің «Тариқатнама» атты діни-танымдық кітабы жақында «Достар Медиа» баспасынан жарық көрді. Кітап Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан аумағында ислам – ханафиттік» деп аталатын діни-құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын идеологияның негізінде қалыптасты деген сөзін негізге ала отыра жазылған.
Соған орай, «Тариқатнама» кітабы таяуда Президентіміз Н.Назарбаевқа ұсынылған болатын. Президент Кеңсесінен Елбасының кітапты оқып шыққандығы және авторға дінімізге сіңірген еңбегі үшін алғыс айтқандығы туралы жауап келді.
«Тариқатнама» кітабы тұтастай дәстүрлі дініміздің ішкі иірімдерін ашуға негізделген. Сондықтан, еліміздегі дін мамандары мен қалың көпшілік діни танымын осы кітапта айтылған ойлармен толықтыра өрістетсе нұр үстіне нұр болатыны күмәнсіз.
«Егемен-ақпарат».