• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

Эквадорда әскери ұшақ апатқа ұшырады

372 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 наурыз. Эквадордың шығысындағы Пастаса провинциясында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл ақпаратты алғаш болып, мемлекет президенті Рафаэль Корреа twitter желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. «Франс Пресс» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 19 сарбаз, екі механик және бір ұшқыш болған. Олар жаттығу кезінде апатқа ұшырады. «Ұшақ бортында болғандардың бәрі қаза тапты. Аман қалғандары жоқ. Олар біздің елдің солдаттары болатын», – деді Рафаэль Корреа. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: rbc.ua.