• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Жетімдерді жылатпады

304 рет
көрсетілді

Қарқаралы ауданындағы Қайнарбұлақ ауылында тұ­ратын Айгүл Нұрхасенова бес баланың анасы. Күйеуі қайтыс болып, қиындықтың зарын ерте тартқан жан. «Жұт – жеті ағайынды» деген емес пе, азаматынан айырылып, аза тұтып жүргенінде үйі өртеніп кетіп, қайғысының үстіне қайғы жамалды. Сөйтіп, бір күннің ішін­де бес баласымен далада қалған жайы бар еді... Барар жер, басар тауы қал­маған Айгүл амалдың жоқ­тығынан Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақ­сұтов Қайнарбұлаққа, тұр­ғындар алдында есеп беруге келгенде өз басындағы жайтты жайып салған болатын. Бұл мәселені аудан әкімі аяқсыз қалдырмай, жамағатқа қолдан келгенше көмек көрсетулерін өтініп, үн тастаған еді. Жетімі мен жесірін жылатпаған ел емес пе, Айгүлдің басындағы ауыр жағдайға бейжай қарамаған аудан халқы жылу жиып, аз ғана уақыттың ішінде ортаға қомақты қаржы түсірді. Өз кезегінде бұл ақша ауылдағы бес бөлмелі еңселі үйді сатып алуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, бірлігі жарасқан елдің арқасында Айгүл Нұрхасенова бір күннің ішінде баспаналы болып шыға келді. Ауыл тұрғындарының атынан ардақты ана Қапиза Омар­бекқызы атқа мінген аза­маттарға шын жүректен алғыс айтты. «Осындай игі шар­аны жүзеге асыруға мұ­рындық болған аудан әкімі Халел Мұқатайұлына, ауыл әкімі Қизат Жәукенұлына, қолдан келгенше көмектескен халайыққа аналық алғысымды білдіремін. Айгүліміздің ша­ңырағы құтты болып, іші шат­тыққа толсын, бақ-береке қон­сын!» – деп алғыс жаудырды ардақты ана. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.