әскери қызметшілердің заңға қайшы іс-әрекеттерін анықтауға көмектеседі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу үшін арнайы техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Тексеру полиграф аппаратының көмегі арқылы жүзеге асырылуы ықтимал.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта шақырылымға жауапты қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері полиграф аппаратында тексеруден өтеді деп жоспарлануда.
Полиграф – бұл талап етілетін стимулдарға жауап ретінде адамның реакциясын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін техникалық құрал. Графика түрінде бейнеленіп көрсетілетін тыныс алу, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, терінің электрлі белсенділігі секілді физиологиялық көрсеткіштер электр дабылдарына ауысады. Полиграф арқылы тексеру адамның өмірі мен денсаулығына әсер етпейтін мүлдем қауіпсіз процедура және адамның еркін түрдегі жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Полиграфтың көмегімен алкогольді, есірткі заттарын мөлшерден көп пайдалану, құмар ойындарға әуес болу, өзін өзі өлтіруге әрекеттену, діни экстремистік ұйымдардың өкілдерімен жеке байланыс орнату, қылмыстық элементтер немесе шетелдік арнайы қызметтерге жәрдемдесу, рұқсат етілмеген қызметтік (құпия) ақпаратты тарату, қандай да бір жемқорлық әрекеттерге бару секілді деректерді анықтауға болады.
«Егемен-ақпарат».