• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2016

Қазақ кілемдері

700 рет
көрсетілді

әлемдік сауда желісінде сатылады Енді Қазақстанда тоқылған кі­лем­дер әлемдегі ең ірі сауда желі­ле­рінің бірі – IKEA арқылы сатылатын болады. Тіпті, сол үшін арнайы кілем үлгілері де дайындалды. Эксклюзивті ондай төсеніштер тек аталған желіде ғана саудаға шығарылмақ. «KAZNEX INVEST» АҚ өкілі Әйгерім Жүсіпованың айтуынша, IKEA-ға отандық кілемдерді «Бал Текстиль» ЖШС жеткізіп тұра­ды. Ол кі­лемдердің дизайны, түгінің қа­­­лыңдығы мен ұзындығы әлем­дік на­рыққа арналып, ерекше дайын­далған. «Биыл да аталған серіктестіктің өнімдерін насихаттау жұмыстарын жалғастырамыз. Атап айтқанда, Оң­түстік Корея, Латвия, Тәжікстан сын­­ды елдерде Қазақстанда тоқыл­ған кі­лемдердің таныстырылымдары өте­ді», – дейді «KAZNEX INVEST» өкілі. «Бал Текстиль» компаниясының коммерциялық директоры Қуан Ыс­қақовтың сөзіне қарағанда, кәсіп­орын жылына бес миллион шаршы метр кілем тоқиды. Ал, жылдық саты­лымның 30 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдеріне жіберілетін экспорт құрайды. Биыл IKEA-ның Ресей нарығындағы өкілдігімен келісімшарт жасасқан серіктестік жыл соңына дейін экспорт көлемін 50-60 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр. Айта кетейік, IKEA желісі­нің өкілдері былтыр өткен «Текстиль­легпром-2015» көрмесінде Қазақстанда дайындалған кілемдерге ерекше назар аударып, қызығушылық танытқан. Ернар МҰХАМБЕТ.