• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2016

Қосымша пойыздар жолға шығады

316 рет
көрсетілді

Мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ төмендегі бағыттар бойынша қосымша пойыздардың сапарға шығатынын хабарлайды: - №100/99 «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған №100/99 «Астана – Павлодар» пойызы Астанадан 2016 жылдың 18 нау­рызы мен 30 сәуірі аралығында жолға шығады, ал Павлодардан 2016 жылдың 19 наурызы мен 1 мамыры аралығында қатынайды; - №634/633 «Қарағанды – Жез­қазған» пойызы Қарағандыдан 2016 жылдың 18, 20, 22, 24, 26 нау­рызында, ал Жезқазғаннан 2016 жылдың 19, 21, 23, 25, 27 наурызында қатынайды; - №61/62 «Алматы-2 – Арыс-1» пойызы Алматыдан 2016 жылдың 18 наурызында аттанып, ертесіне Арыстан кері бағытта жолға шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.