АСТАНА. 17 наурыз. Америкақ ғалымдар Өзбекстанның солтүстігіндегі Қызылқұм шөлінен динозаврдың жаңа түрінің қаңқасын тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Ғалымдар табылған динозаврға Әмір Темірдің құрметіне орай Тимурленгия деген атау берді. Олардың айтуынша, бұл алып мақұлықтардан тираннозаврлар тараған. 270 келілік жануар 90 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
Зерттеу нәтижесінде Тимурленгиялар ақылды болған әрі есту қабілеті жақсы дамыған болып шықты. Ғалымдар бұл динозаврлар жыртқыш бауырымен жорғалаушылар эволюциясындағы бұрын-соңды кездеспеген буын екенін айтып отыр.
«Бұл динозаврлардың миы өте жақсы дамыған. Құлақтары жақсы естіген. Сондай-ақ, көру және сипап-сезу қабілеті туралы да осылай деуге болады», – деді ғалым Ганс-Дитер Суэз.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.