ҚАРАҒАНДЫ. 18 наурыз. Қарағанды облысында бір мезетте 17 автокөлік соқтығысты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарағанды-Теміртау күре жолының бойындағы апатты жағдай боран мен көктайғақтан болды деген болжам жасалды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтауда.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.