• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2016

Қазақстандық велоспортшы «Париж-Ницца» көпкүндігінде кезең жеңімпазы атанды

404 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Astana велокомандасының спортшысы Алексей Луценко «Париж-Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарыс барысында бірнеше мәрте шабуылдап, тәжірибелі спортшылармен иық тірестірген Луценко жалпы топтан мәреге 28 шақырым қалғанда алға шығып, көш басында келе жатқан Антуан Дюшенді шаң қаптырып кетті. Қалған аралықты тек бір өзі жүріп өткен ол жарыстың бесінші кезеңін 05:00:26 көрсеткішімен аяқтады. Ал «Катюшалық» Александр Кристофф одан 21 секундқа қалып қойып, екінші болып келсе, Orica-GreenEDGE командасының велошабандозы Майкл Мэттьюс үшінші орынға табан тіреді. Жалпы есепте Мэттьюс көш бастап келеді. Ал Луценко 6 секундтық айырмамен екінші сатыға көтерілді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: 24.kz.